27.04.2026 08:28
Хави Симонс Әлем чемпионатына қатыспайды
27.04.2026 08:28
«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Хави Симонстың жағдайы белгілі болды

23 жастағы ойыншы «Вулверхэмптонға» (1:0) қарсы матчта оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты.
Осыған байланысты Нидерланд құрамасымен биылғы Әлем чемпионатына қатыспайды. Симонс шамамен сегіз ай ойнамайды екен.
Хави «Тоттенхэм» сапына 2025 жылы «Лейпцигтен» 65 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчта алты гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.