27.04.2026 00:56
«Галатасарай» «Фенербахчені» тізе бүктірді
27.04.2026 00:56
Түркия Суперлигасының 31-турында «Галатасарай» өз алаңында «Фенербахчені» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Ыстамбұлда өткен кездесуде Виктор Осимхен, Барыш Алпер Йылмаз және Лукас Торрейра гол соқты.
Осылайша «Галатасарай» турнир кестесінде «Фенербахчеден» қара үзіп кетті. «Арыстандар» 74 ұпаймен көш бастап тұр, ал 67 ұпайы бар «сары канарейкалар» екінші орында келеді. Маусымның аяқталуына үш тур қалды.