26.04.2026 17:41
Нико Пас «Реалға» оралады
26.04.2026 17:41
«Комо» жұлдызы Нико Пас «Реалға» оралады

«Лариани» оны 2024 жылдың жазында алты миллион еуроға сатып алған еді. Бірақ келісімшартта қайтарып алу пункті қарастырылған. AS хабарлауынша, «бланкос» енді сол мүмкіндікті пайдаланбақ.
Бұл туралы «Комоға» да, Никоға да ескертілген екен. Бас бапкер Сеск Фабрегас та шәкіртімен қоштасатын кез келгенінен хабардар.
Пас «Комо» сапында жалпы 72 матчта 19 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Ол А Сериясының өткен маусымында үздік жас ойыншы атанды.