26.04.2026 16:22
Нуну Мендеш Бірінші лигадағы 100-матчын өткізді
26.04.2026 16:22
Бірінші лиганың 31-турында ПСЖ сырт алаңда «Анжені» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл Нуну Мендештің Франция чемпионатында өткізген 100-матчы болды.
Париждің клубы 23 жастағы португалиялық ойыншыны 2022 жылы «Спортингтен» 38 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы 100 матчта сегіз гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.