26.04.2026 12:40
Эндрик «Арсеналға» ауысуы мүмкін
26.04.2026 12:40
«Лионда» жалда жүрген «Реал» шабуылшысы Эндрик АПЛ-ге ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, оған «Арсенал» қызығушылық танытуда. Лондонның клубы Эндрикті жазда қатарға қосуды көздейді. Бірақ әлі келіссөз бастамапты және ұсыныс та жолдамаған. Ал Эндриктің өзі «Реалға» оралуды қалайды.
19 жастағы бразилиялық форвард осы маусымда 21 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.