26.04.2026 12:10
Осимхенге «Барселона» мен «Реал» көз тікті
26.04.2026 12:10
«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Осимхен үшін таласқа «Реал» қосылды. Одан бөлек «Барселона» да Викторды аттай қалап отыр. Ал «Галатасарай» ойыншысын 100 миллион еуроға бағалайды.
Ыстамбұлдың клубы 27 жастағы нигериялық форвардты өткен жазда «Наполиден» 75 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 30 матчта 19 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.