26.04.2026 11:49
«Арсенал» тарихи нәтиже тіркеді
26.04.2026 11:49
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Арсенал» өз алаңында «Ньюкаслды» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 9-минутта Эберечи Эзе бұрыштамадан соқты.
Осылайша «зеңбірекшілер» АПЛ бір маусымында корнерден ең көп гол соққан клуб атанды. Эзенің добы 17 гол болып, рекорд орнады.
Бұған дейінгі рекорд 16 гол болған еді. Оны «Арсеналдың» өзі 2016/17 мен 2023/24 жылғы маусымда және «Олдхэм» 1992/93 жылғы маусымда тіркеген.