25.04.2026 23:34

«Арсенал» «Ньюкаслды» тізе бүктірді

25.04.2026 23:34

Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Арсенал» өз алаңында «Ньюкаслды» 1:0 есебімен тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды 9-минутта Эберечи Эзе соқты.

Осылайша «зеңбірекшілер» 73-ұпайын еншілеп турнир кестесінде көш басына көтерілді. Бірақ әлі бір ойыны бар «Манчестер Сити» 70 ұпаймен өкшелеп, екінші орында келеді.

Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 2 мамыр күні «Фулхэмді» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Атлетикоға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram