25.04.2026 21:09

«Барселона» «Хетафеден» басым түсті

25.04.2026 21:09

Испания Ла Лигасының 32-турында «Барселона» сырт алаңда «Хетафені» 2:0 есебімен тізе бүктірді

Хетафеде өткен кездесуде Фермин Лопес пен Маркус Рэшфорд мергендік танытты.

Осылайша «блауграна» 85-ұпайын еншілеп, чемпиондыққа жақындай түсті. Екінші орындағы «Реалдан» 11 ұпайға ұзап кеткен Каталонияның клубы турнир кестесінде көш бастап тұр.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 2 мамыр күні «Осасунаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram