25.04.2026 19:44

Энцо «Реалды» таңдады

25.04.2026 19:44

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандестің қай клубқа ауысқысы келетіні белгілі болды

El Nacional хабарлауынша, ол тек «Реал» сапына қосылуды қалайды. Тіпті келер жазда трансфер көріп қалуымыз мүмкін. Ол басқа ешқандай клубқа ауысқысы келмейді екен.

«Реалдан» бөлек 25 жастағы аргентиналық ойыншыға ПСЖ мен «Манчестер Сити» қызығушылық танытып отыр.

«Көктер» Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 48 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram