25.04.2026 16:41

Милитао Әлем чемпионатына қатыспайды

25.04.2026 16:41

«Реал» қорғаушысы Эдер Милитаоның жағдайы белгілі болды

Ол осыған дейін сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, қатардан шыққан еді.

Cope журналисі Мигель Анхель Диастың хабарлауынша, оның желтоқсан айында алған жарақатының жарасы ашылып кетіпті. Осыған байланысты ота жасату керек және салдарынан Әлем чемпионатына қатыспайды.

28 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 21 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram