25.04.2026 16:18

Анчелотти, Гуллит және Кака «Миланның» даңқ залына қосылды

25.04.2026 16:18

«Миланның» даңқ залы тағы үш аңызбен толықты

Бүгін құрметті тізімге жартылай қорғаушылар — Карло Анчелотти, Руд Гуллит және Кака қосылды. Салтанатты рәсім ертең, 26 сәуірде «Ювентуске» қарсы матч алдында «Сан-Сиро» стадионында болады.

Бұл зал 2024 жылы клубтың 125 жылдығына орай құрылған еді. Одан бөлек құрамда Франко Барези, Марко ван Бастен, Андрей Шевченко және Филиппо Индзаги бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram