25.04.2026 12:36

ПСЖ АПЛ жұлдызына көз тікті

25.04.2026 12:36

«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс топ-клубқа ауысуы мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, оны ПСЖ өз қатарынан көргісі келеді. Бас бапкер Луис Энрике Морганды ерекше бағалайды екен. Роджерстің өзі де жазда команда ауыстыруға дайын. Ал Бирмингемнің клубы басты жұлдызын 92 миллион еуроға бағалап отыр екен.

Одан бөлек оған «Арсенал», «Челси», «Манчестер Юнайтед» және «Бавария» қызығушылық танытып отыр.

23 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 48 матчта 12 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram