25.04.2026 11:32

Мбаппе «Реалдағы» 100-матчын өткізді

25.04.2026 11:32

Испания Ла Лигасының 32-турында «Реал» сырт алаңда «Бетиспен» (1:1) тең тарқасты

Севильяда өткен ойын Килиан Мбаппе үшін Мадрид клубы сапындағы 100-матч болды.

27 жастағы француз форварды «бланкос» қатарына 2024 жылы ПСЖ-дан еркін агент ретінде келіп қосылған еді. Осы аралықта 85 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Ал биылғы маусымда 41 ойында қарсылас қақпасын 41 мәрте тулатып, алты ассист жасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram