24.04.2026 22:14

Ямаль Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды

24.04.2026 22:14

Ламин Ямаль Испания Ла Лигасының сәуірдегі үздік ойыншысы атанды

«Барселона» вингері осы айда үш ойында екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Ведат Мурикиді («Мальорка»), Карлос Солерді («Реал Сосьедад»), Лукас Бойені («Депортиво Алавес») және Федерико Виньясты («Реал Овьедо») артқа тастап, биылғы маусымда үшінші рет топ жарды. Бұған дейін қараша мен желтоқсан айында бәрінен озып кеткен.

Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram