25.04.2026 02:27

«Реал» «Бетисті» жеңе алмады

25.04.2026 02:27

Испания Ла Лигасының 32-турында «Реал» сырт алаңда «Бетиспен» тең тарқасты

Севильяда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың 17-минутында Винисиус Жуниор гол соқса, 90+4-те Эктор Беллерин таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша «бланкос» 74-ұпайын олжалап турнир кестесінде екінші орында қалды және көш басындағы қосымша бір ойыны бар «Барселонадан» сегіз ұпайға қалыңқы.

Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 3 мамыр күні «Эспаньолге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram