25.04.2026 11:44

Терзич «Атлетик» бас бапкері атанады

25.04.2026 11:44

Эдин Терзич «Атлетик» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшарттың барлық шарттары бойынша толыққанды келісімге келді. Жақында ресми хабарланады екен. Осылайша Терзич клубтан кететін Эрнесто Вальверденің орнын басады.

43 жастағы неміс маманы соңғы рет Дортмунд «Боруссиясын» 2022-2024 жылдары аралығында жаттықтырған еді.

32 турдан кейін 41 ұпай жинаған «басктер» Испания Ла Лигасында тоғызыншы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram