25.04.2026 20:59
«Ливерпуль» жеңіске жетті
25.04.2026 20:59
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Кристал Пэласты» тізе бүктірді

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Александер Исак, Эндрю Робертсон және Флориан Вирц мергендік танытты. Ал Лондон клубының жалғыз голын Даниэль Муньоз соқты.
Осылайша Мерсисайдтың клубы 58-ұпайын еншілеп турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 3 мамыр күні «Манчестер Юнайтедке» қонаққа барады.