25.04.2026 20:47
«Бавария» сұмдық камбэк жасады
25.04.2026 20:47
Германия Бундеслигасының 31-турында «Бавария» сырт алаңда «Майнцты» 4:3 есебімен тізе бүктірді

Алаң иелері бірінші таймда 3:0 есебімен алға шыққан еді. Бірақ ойынның екінші бөлігінде «Бавария» таблодағы көрсеткішті 4:3-ке өзгертіп, ғаламат камбэк жасады. Мюнхен клубының сапында Николас Джексон, Майкл Олисе, Жамал Мусиала және Харри Кейн мергендік танытты.
Осылайша Венсан Компани шәкірттері 82-ұпайын еншіледі. Өткен турда «неміс мәшинесі» мезгілінен бұрын Германияның 35 дүркін чемпионы атанып қойған еді.
Келесі турда команда 2 мамыр күні «Хайденхаймды» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында ПСЖ-ға қонаққа барады.