25.04.2026 23:25
«Манчестер Сити» Англия кубогының финалына шықты
25.04.2026 23:25
Англия кубогының жартылай финалында «Манчестер Сити» «Саутгемптонды» тізе бүктірді

«Уэмбли» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. 79-минутта Фиин Азаз командасын есепте алға шығарған еді. Бірақ 83 және 87-минутта Жереми Доку мен Нико Гонсалес гол соғып, «қалалықтар» камбэк жасап кетті.
Пеп Гвардиоланың шәкірттері финалда «Челси» – «Лидс» жұбының жеңімпазымен кездеседі.