26.04.2026 00:36
ПСЖ ірі есеппен жеңіске жетті
26.04.2026 00:36
Франция Бірінші лигасының 31-турында ПСЖ сырт алаңда «Анжені» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Матч барысында Ли Кан Ин, Сенни Меюлю және Лукас Беральдо мергендік танытты.
Осылайша Париждің клубы 69-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басында қалды.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда 2 мамыр күні «Лорьянды» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Баварияны» қабылдайды.