27.04.2026 11:05
«Бавария» ойыншысы жарақат алды
27.04.2026 11:05
«Бавария» қорғаушысы Рафаэл Геррейру қатардан шықты

Ол «Майнцқа» (4:3) қарсы кездесуде бұлшық етін жарақаттап алыпты.
Осыған байланысты Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы ПСЖ-ға қарсы екі матчқа да қатыспайды.
Геррейру Мюнхеннің клубына 2023 жылы «Боруссиядан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол жазда келісімшартты ұзартпай, командадан кетеді. 32 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 27 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.