27.04.2026 10:03

«Бавария» рекорд орнатты

27.04.2026 10:03

Германия Бундеслигасының 31-турында «Бавария» сырт алаңда «Майнцты» 4:3 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Мюнхеннің клубы чемпионаттың бір маусымында сырт алаңда ең көп гол соққан ойыншы атанды. Венсан Компани шәкірттері қазірдің өзінде түзде 53 гол соғып тастады, әлі қонақта өткізетін «Вольфсбургке» қарсы бір ойын бар.

«Бавария» 30-турда мезгілінен бұрын Германияның 35 дүркін чемпионы атанып қойған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram