27.04.2026 12:51

Салах қатардан шықты

27.04.2026 12:51

«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах жарақат алды

Ол Ағылшын Премьер-лигасының 34-турындағы «Кристал Пэласқа» (3:1) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Египет құрамасының директоры Ибрагим Хасанның айтуынша, оның тізе астындағы сіңірі үзіліп кетіпті. Соның салдарынан маусымның қалған бөлігін өткізіп алады. Ал емделуге шамамен төрт апта уақыт кетеді екен. Бірақ Әлем чемпионатына дейін дайын болады.

33 жастағы мысырлық вингер 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзып, келер жазда «Ливерпульден» кетеді. Ол осы маусымда 39 матчта 12 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram