27.04.2026 14:18
«Манчестер Юнайтедтен» тоғыз футболшы кетуі мүмкін
27.04.2026 14:18
«Манчестер Юнайтед» құрамында біраз өзгеріс болуы мүмкін

Marca хабарлауынша, келер жазда клуб тоғыз ойыншымен қош айтысуды жоспарлап отыр. Бұл қатарда Маркус Рэшфорд, Каземиро, Расмус Хейлунд, Джейдон Санчо, Тайрелл Маласия, Джошуа Зиркзее, Тайлер Фредриксон, Тоби Коллиер және Дэн Гор бар.
33 турдан кейін 58 ұпай жинаған манкуниандықтар Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.