27.04.2026 16:48
Мбаппе қатардан шықты
27.04.2026 16:48
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе қатардан шықты

Клубтың хабарлауынша, ол Испания Ла Лигасының 32-турындағы «Бетиске» (1:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Бұған дейін Килианның маусым соңына дейін ойнай алмауы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.
Мбаппе Мадрид клубына 2024 жылы ПСЖ-дан еркін агент ретінде ауысып келген. 27 жастағы француз форварды осы маусымда 41 матчта 41 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.