28.04.2026 14:15

Ямаль Әлем чемпионатының матчтарына қатыспайды

28.04.2026 14:15

«Барселона» вингері Ламин Ямальдың жағдайы белгілі болды

18 жастағы Испания құрамасының ойыншысы осыған дейін «Сельтаға» (1:0) қарсы ойында сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.

Sport хабарлауынша, ол осы жарақатына байланысты биылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Кабо-Верде (15 маусым) мен Сауд Арабиясына (21 маусым) қарсы алғашқы екі матчқа қатыспайды. «Барселонаның» медициналық штабы басты жұлдызының 3-тур аясында 26 маусым күні өтетін Уругвайға қарсы ойынға 100% дайын болуын қалайды.

Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram