16.04.2026 17:44

Бернарду Силва «Манчестер Ситиден» кетеді

16.04.2026 17:44

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва маусым соңында клубтан кетеді

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды. Осылайша маусым соңында Силва «қалалықтармен» қош айтысады.

31 жастағы португалиялық ойыншы «Манчестер Сити» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта ол 451 матчта 76 гол соғып, 77 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен 19 трофей жеңіп алды.

Қазіргі таңда оған «Ювентус», «Интер Майами» және «Галатасарай» секілді клубтар қызығушылық танытуда.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram