16.04.2026 12:40

Станишич: «Рюдигер мені боқтады»

16.04.2026 12:40

«Бавария» қорғаушысы Йосип Станишич Чемпиондар лигасы ширек финалындағы «Реалға» (4:3) қарсы қарымта матчтан кейін пікір білдірді

«Алаңда жатқанымда Рюдигер мені боқтады және мен үшін бұл тым ерсі. Оның қандай сөз айтқанын жария етпей-ақ қояйын, бірақ ол әлгі сөзді бірнеше рет қайталады. Өзінен сұрап көріңіздерші, еркек болса мойындар»,– деді Йосип.

Бұл бірінші таймда болған жағдай. Станишич Рюдигермен соқтығысып, нәтижесінде алаңдағы орнын босатты.

Айта кетейік, Мюнхеннің клубы қос матчтың қорытындысы бойынша «Реалды» 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді Венсан Компани шәкірттері ақтық матч жолдамасын ПСЖ-иен сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram