28.04.2026 16:49
Милитао Әлем чемпионатына қатыспайды
28.04.2026 16:49
«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао Әлем чемпионатына қатыспайды

Бұған дейін ол сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді. Енді осы жарақатына бүгін, 28 сәуір күні Финляндияда ота жасалады екен. Салдарынан АҚШ, Канада және Мексикада өтетін биылғы Әлем чемпионатында Бразилия құрамасына көмектесе алмайды. Эдер қатарға қазан айында оралады деп күтілуде.
28 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 21 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.