06.01.2026 18:04
Рубен Диаш қатардан шықты
06.01.2026 18:04
«Манчестер Сити» қорғаушысы Рубен Диаш жарақат алды

23 жастағы хорват тізе асты сіңірін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 4-6 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұған дейін «қалалықтардың» тағы бір қорғаушысы Йошко Гвардиол оң аяғының сүйегін сындырып алып, маусым соңына дейін қатардан шыққан еді. Қос футболшы да «Челсиге» (1:1) қарсы матчта жарақат алыпты.
Айта кетейік, 20 турдан кейін 42 ұпай жинаған Пеп Гвардиола шәкірттері Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.