06.01.2026 01:15

Йошко Гвардиол қатардан шықты

06.01.2026 01:15

«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол жарақат алды

23 жастағы Хорватия ойыншысы «Челсиге» (1:1) қарсы ойында оң аяғының сүйегін сындырып алыпты.

Осыған байланысты шамамен бес ай командасына көмектесе алмайды. Оған осы аптаның соңында ота жасалады.

Бұл оның мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Осыған дейін 156 күні емделуге кетіп, 29 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 23 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram