05.01.2026 23:04

«Барселона» Канселуға ресми ұсыныс жолдады

05.01.2026 23:04

«Әл-Хиләл» қорғаушысы Жоау Канселу «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Каталонияның клубы «Әл-Хиләлге» ресми ұсыныс жолдады. «Блауграна» 31 жастағы Португалия ойыншысын жалақысының жартысын төлей отырып, жалға алғысы келеді. Қазір келіссөз жалғасып жатыр екен.

Осыған дейін өткен аптада «Әл-Хиләл» Канселудың трансфері бойынша «Интермен» ауызша сөз байласып қойып еді. Ал Жоаудың өзі «Барселона» жейдесін қайта киюді қалайды.

Канселу «Барселона» намысын 2023/24 жылғы маусымда қорғаған. Ол осы маусымда алты матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram