05.01.2026 18:12
«Манчестер Юнайтед» тізгінін кім ұстайды?
05.01.2026 18:12
Бүгін, 5 қаңтарда «Манчестер Юнайтед» бас бапкер Рубен Аморимді қызметінен босатты

The Independent хабарлауынша, Аморимнің орнын басуға «Кристал Пэлас» бапкері Оливер Гласнер басты үміткер болып тұр. Сондай-ақ кандидаттар қатарында жақында «Челсиден» қуылған Энцо Мареска, «Ипсвич» тәлімгері Киран Маккенна және Германия құрамасының жетекшісі Юлиан Нагельсманн бар екен.
Ал Кристофер Мичелдің мәліметіне сүйенсек, қазір жұмыссыз жүрген Англия құрамасының бұрынғы бапкері Гарет Саутгейт те «қызыл сойқандарды» тізгіндеуі мүмкін.
Айта кетейік, Аморим Манчестердің клубын 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келді. 20 турдан кейін 31 ұпай жинаған манкуниандықтар Ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде алтыншы орында тұр.