05.01.2026 15:09

Аморим «Манчестер Юнайтедтен» кетті

05.01.2026 15:09

Рубен Аморим «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметінен босатылды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, мұндай шешім бүгін, 5 қаңтар күні таңертең қабылданған екен. Жақында ресми хабарланауы тиіс.

40 жастағы португал маманы манкуниандықтарды 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 25 рет жеңіске жетіп, 15 мәрте тең түссе, 23 ойында қарсыласына жол берді.

20 турдан кейін 31 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram