05.01.2026 14:59
«Манчестер Сити» ойыншысы «Борнмутқа» ауысуы мүмкін
05.01.2026 14:59
«Манчестер Сити» қорғаушысы Натан Аке «Борнмутқа» ауысуы мүмкін

Krrish хабарлауынша, «шиелер» 30 жастағы Нидерланд ойыншысын осы айда маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.
Одан бөлек оған «Атлетико», «Барселона» және АПЛ-дың бірқатар клубы қызығушылық танытып отыр екен. Натанның өзі де клуб ауыстыруға дайын.
Аке осы маусымда 16 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.