05.01.2026 02:59

ПСЖ «Парижден» басым түсті

05.01.2026 02:59

Франция Бірінші лигасының 17-туры аясында ПСЖ өз алаңында «Парижді» тізе бүктірді

«Парк-де-Пренс» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Дезире Дуэ мен Осман Дембеле қақпа торын тулатты. Ал «Париждің» жалғыз голын Виллем Геббелс пенальтиден соқты.

Осылайша 39-ұпайына қол жеткізген ПСЖ турнир кестесінде екінші сатыға орнықты. Көш бастап тұрған «Ланстың» еншісінде 40 ұпай бар.

Луис Энрике шәкірттері келесі турда 16 қаңтар күні «Лилльді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram