05.01.2026 02:57

«Интер» «Болоньяны» тізе бүктірді

05.01.2026 02:57

Италия А Сериясының 18-турында «Интер» өз алаңында «Болоньядан» басым түсті

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Петр Зельински, Лаутаро Мартинес және Маркус Тюрам мергендігімен көзге түсті. Ал қонақтардың жалғыз голын Сантьяго Кастро соқты.

Осылайша 39-ұпайына қол жеткізген «нерадзурри» турнир кестесінде көш бастады.

Кристиан Кивудың шәкірттері келесі турда 7 қаңтар күні «Пармаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram