04.01.2026 22:21

«Ливерпуль» «Фулхэммен» тең түсті

04.01.2026 22:21

Ағылшын Премьер-лигасының 20-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Фулхэммен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Харри Уилсон мен Харрисон Рид гол соқты. Ал Мерсисайд клубының құрамында Флориан Вирц пен Коди Гакпо дараланды.

Осылайша 34-ұпайына қол жеткізген Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 8 қаңтар күні «Арсеналға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram