04.01.2026 19:28

«Манчестер Юнайтед» «Лидсті» жеңе алмады

04.01.2026 19:28

Ағылшын Премьер-лигасының 20-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Лидспен» тең түсті

«Элланд Роуд» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Брендон Аронсон 62-минутта есеп ашса, араға үш минут салып, Матеус Кунья таразы басын тең етті.

Осылайша Манчестердің клубы 31-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 7 қаңтар күні «Лидске» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram