04.01.2026 17:41
Родриго, Савио: «Тоттенхэм» алты вингерге көз тікті
04.01.2026 17:41
«Тоттенхэм» осы қыста шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр

TEAMtalk хабарлауынша, Лондонның клубы Родриго («Реал»), Адемола Лукман («Аталанта»), Савио («Манчестер Сити»), Нико Уильямс («Атлетик»), Магнес Акилуш («Монако») және Христос Цолиске («Брюгге») қызығушылық танытуда.
«Қораздар» алдымен 23 жастағы Грекия ойыншысы Цолиске ұсыныс жасап көрмек.
Айта кетейік, 19 турдан кейін 26 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 13-орында келеді.