04.01.2026 16:26

Дани Карвахаль қатарға оралды

04.01.2026 16:26

«Реал» «Бетиске» қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

Оған оң аяғындағы жарақатына байланысты соңғы 12 матчқа қатыспаған қорғаушы Дани Карвахаль кірді.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Серхио Местре;

Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Дэвид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гүлер, Дани Себальос, Тиаго;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Родриго, Гонсало Гарсия, Франко Мастантуоно.

Ла Лиганың 18-туры аясындағы «Реал» – «Бетис» кездесуі бүгін, 4 қаңтарда өтеді. 20:15-те басталатын матчты Setanta Sports 1 арнасынан тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram