04.01.2026 14:23
Влахович «Барселонаға» ауысуға жақын
04.01.2026 14:23
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович «Барселонаға» ауысуға жақын

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Каталония клубы Душанға 12 миллион еуро жалақысын төлеуге дайын екен.
Одан бөлек оған «Бавария» мен «Милан» көз тігіп отыр. Алайда Влахович тек «Барселонаға» ауысқысы келеді.
23 жастағы серб форварды осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.