04.01.2026 12:36
Габриэль рекорд жаңартуға жақын
04.01.2026 12:36
«Арсенал» ойыншысы Габриэль Ағылшын Премьер-лигасының 20-турында «Борнмут» (3:2) қақпасының торын тулатты

Осылайша ол Англия чемпионатында соққан голдар санын 20-ға жеткізді. Енді екі рет қақпаны дәл көздесе, Лоран Косельнидің рекордын қайталап, ішкі біріншілікте ең көп гол соққан «Арсенал» қорғаушысы атанады.
28 жастағы Бразилия өкілі осы маусымда 18 матч өткізіп, екі гол мен үш нәтижелі пасты өз есебіне жазды.