04.01.2026 03:20
«Барселона» жеңіске жетті
04.01.2026 03:20
Испания Ла Лигасының 18-турында «Барселона» сырт алаңда «Эспаньолдан» басым түсті

Каталония дербиінде 0:2 есебі тіркелді. Матчтың 86-минутында Дани Ольмо есеп ашса, араға төрт минут салып Роберт Левандовски ойынға нүкте қойды.
Осылайша 49-ұпайын олжалаған «блауграна» турнир кестесінде көш басында қала береді.
Ханси Флик шәкірттері келесі турда 18 қаңтар күні «Реал Сосьедадқа» қонаққа барады. Ал одан бұрын, төрт күннен соң Ел Суперкубогында «Атлетикпен» кездеседі.