03.01.2026 22:19

«Вулверхэмптон» көптен күткен жеңіске жетті

03.01.2026 22:19

Ағылшын Премьер-лигасының 20-турында «Вулверхэмптон» өз алаңында «Вест Хэмді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Молинью» стадионында өткен кездесуде Джон Ариас, Хван Хи Чхан және Матеус Мане мергендігімен көзге түсті.

Осылайша «қасқырлар» АПЛ осы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін соңғы рет ішкі біріншілікте 26 сәуір күні «Лестерден» (2:0) басым түскен еді.

Еншісінде небәрі алты ұпайы бар Роб Едвардс шәкірттері турнир кестесінде соңғы 20-орында келеді. Келесі турда команда 7 қаңтар күні «Эвертонға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram