03.01.2026 19:28
«Астон Вилла» сенімді жеңіске жетті
03.01.2026 19:28
Ағылшын Премьер-лигасының 20-туры аясында «Астон Вилла» өз алаңында «Ноттингем Форесттен» басым түсті

«Вилла Паркте» өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Бирмингем клубының сапында Джон Макгинн дубль жасаса, Олли Уоткинс бір мәрте мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Морган Гиббс-Уайт соқты.
Осылайша 42-ұпайын қанжығалаған «арыстандар» турнир кестесінде екінші сатыға көтерілді.
Унаи Эмери шәкірттері келесі турда 7 қаңтар күні түзде «Кристал Пэласпен» шеберлік байқасады.