03.01.2026 19:18
Кьеза Италияға оралуы мүмкін
03.01.2026 19:18
«Ливерпуль» вингері Федерико Кьеза отанына оралуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 28 жастағы ойыншыны «Наполи» мен «Рома» өз қатарынан көргісі келеді. Кьеза да А Сериясында қайта тер төгуге дайын. Ол «Ливерпульде» өзіне берілген ойын уақытына риза емес екен.
Кьеза Мерсисайдтың клубына 2024 жылы «Ювентустен» 12 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы маусымда ол 18 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.