03.01.2026 16:04
«Брайтон» жұлдызына үш клуб көз тікті
03.01.2026 16:04
«Брайтон» тұтқауылы Карлос Балеба клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 22 жастағы Камерун жұлдызын «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм» аттай қалап отыр.
Ал «Брайтон» Карлосты келер жазда шамамен 100 миллион еуроға сатуды көздейді. Оған осы қыстың өзінде ұсыныс жасаған клубтар болған екен. Алайда «шағалалар» маусымның бел ортасында мықты ойыншысынан айырылып қалғысы келмеді.
Балеба осы маусымда 19 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.