03.01.2026 13:53
Бонифейс 25 жасында мансабын аяқтауы мүмкін
03.01.2026 13:53
«Вердер» шабуылшысы Виктор Бонифейс тағы жарақат алды

25 жастағы Нигерия ойыншысы бұл жолы да тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты маусым соңына дейін қатардан шықты. Жақында оған ота жасалады.
Виктор осыған дейін тізесінің айқыш байламын екі рет үзіп алған. Одан бөлек тізе асты сіңірін де біраз жарақаттапты. Соның салдарынан тізесі ауыр халде екен. Бұл Виктордың мансабын ерте аяқтауына себеп болуы мүмкін.
Бонифейс «Вердерге» маусым басында «Байерден» жалға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 11 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.